"АҚМАРАЛ АУРУХАНАСЫ" көпсалалы емдеу мекемесі

Қазақстан, Туркестан, Мұратбаев к-сі, 24 // Баялиев к-сі, 35 //Төреқұлов к-сі, 68 // Ханқорған к-сі, 3
+7 (72533) 4 17 28
+7 (72533) 5 91 83

Біз туралы

Қазіргі уақытта «Акмарал» ауруханасы 3 филиалы, оның ішінде 115 төсекті 7 клиникалық бөлімшелер бар.

Бөлімшелер терапия, эндокринология, ревматология, кардиология, пульмоногия, гастроэнтерология, неврология, кардиологиялық және неврологиялық науқастар үшін қалпына келтіру және медициналық оңалту бөлімшесінің төсектерімен, 70 төсектті күндізгі стационардан, кеңестік-диагностикалық емханадан тұрады.

Клиникалық бөлімшелердің жұмысы үшін параклиникалық бөлімшелер ашылған: функционалдық диагностика бөлімшесі, клиникалық-диагностикалық зертхана, сәулелік диагностика бөлімшесі, физиотерапия бөлімшесі.  

Қазіргі таңда «Акмарал» аурухана мекемесінің емханасына тіркелген  халық саны 31000 құрайды.


Көп жыл бойы халық денсаулығын сақтау саласында аянбай еңбек еткен  Халилаева Мархабад Нұрлаққызы «Ақмарал» ауруханасы ұжымының құрылтайшысы. 1998 жылы жеке кәсіпкер Халилаева Мархабад Нұрлаққызы күйеуі Шерханов Рахымның қолдауымен 115 төсектік "Ақмарал" ауруханасын ашты.

Елбасымыздың 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасын қолдау мақсатында Төрекулов көшесі №68 үйде 2012 жылы жаңадан 100 орындықты 3 этажды аурухана корпусының 2500 шаршы метрді құрайтын құрылысын салып бітірді.  2017 жылы Баялиев көшесі № 35 үйде  «Акмарал» ауруханасының филиалы ашылып , ревматология , пульмонология, кардиология бөлімшелері науқастар үшін жұмыс жасауды бастаған.  Барлық  жағдайымен қамтамасыз етілген. Тренажерный зал, массаж жасау және ЛФК кабинеті жұмыс жасайды.  Науқастарды магнитті терапиямен, дарсенваль, соллюкс арқылы емдейді. Бұл тамыр ауруларына инсульттан кейінгі реабилитация, қант диабетін, құлақ , мұрын, тамақ ауруларын емдеуге қолданады. 

2016 жылы Елбасының халықтың тұрғылықты жері бойынша емханаларға тіркеп сапалы медициналық   қызмет көрсету мақсатында аурухана қарамағынан 18000 халықты қамтамасыз ететін емхана ашты. Онда тәжірибелі дәрігерлер, мейірбикелер, көз дәрігері, тіс дәрігері, хирург, травматолог, ревматолог, эндокринолог, невропатолог, кардиолог, пульмонолог, онколог, уролог және акушер – гинеколог дәрігерлері халыққа қызмет көрсетеді. Емхана заманауи цифрлық рентген, УЗИ, ФГДС, флюорография аппараттарымен жабдықталған. Қазіргі таңда «Акмарал» аурухана мекемесінің емханасына тіркелген  халық саны 31000 құрайды.

Толығырақ

Жаңалықтар

Барлығын көру

Байланыс

Дүйсенбі
09:00 - 18:00
Сейсенбі
09:00 - 18:00
Сәрсенбі
09:00 - 18:00
Бейсенбі
09:00 - 18:00
Жұма
09:00 - 18:00
Қазақстан, Туркестан, Мұратбаев к-сі, 24 // Баялиев к-сі, 35 //Төреқұлов к-сі, 68 // Ханқорған к-сі, 3
+7 (72533) 4 17 28
+7 (72533) 5 91 83
+7 (72533) 3 67 48
+7 (72533) 4 81 41
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу