"АҚМАРАЛ АУРУХАНАСЫ" көпсалалы емдеу мекемесі

Қазақстан, Туркестан, Мұратбаев к-сі, 24 // Баялиев к-сі, 35 //Төреқұлов к-сі, 68 // Ханқорған к-сі, 3
+7 (72533) 3 12 89
+7 (72533) 5 91 83

Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау қызметі (ПҚҚ) қалай көмектесе алады? 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте медициналық қызметтердің сапасын сараптауға ерекше көңіл бөлінеді. Сараптама медициналық қызметтердің сапа деңгейін, оларды көрсетудің толықтығын, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады. Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүргізіледі, ол үшін пациентке қолдау көрсету және ішкі сараптама қызметтері  құрылады. Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметін тұтастай үйлестіреді. Ол пациенттердің проблемаларын қарастырып, шешіп қана қоймай, сонымен қатар өз кадрларын, жабдықтарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын тексереді, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтайды, медициналық сақтандыру қызметтерін көрсетеді, персоналды ЖПД бойынша оқытады

Пациенттерді қолдау қызметіне (ПҚҚ) хабарласыңыз, 

  • сізге учаскелік дәрігердің болмауы себебінен оны қабылдаудан бас тартылса
  • сіз осы емханаға аумақтық принцип бойынша тіркелгенсіз, учаскелік дәрігер / аймақтық мейірбике  немесе мейіраға үйге шақыруға қызмет көрсетпесе
  • сіз бейінді маманнан кеңес ала алмасаңыз, 
  • сіз жүргізілген зерттеу нәтижелерімен таныспасаңыз
  • денсаулық көрсеткіштері бойынша диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе
  • дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса
  • Сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз 
  • сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз 
  • сіз медициналық жазбаларыңызда дұрыс емес деректерді немесе тіркемелерді тапсаңыз
  • сіз мейірбике қызметкерлерінің жұмысының сапасына және медициналық көмекке қанағаттанбасаңыз

Жауапты маман : дәрігер  эксперт   Сыздыкова Айгерим 

Кабиент 34 , тел : 87054116777 , элек.адрес :  aygerim8686@list.ru



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу