ОСМС қаражатын қорғауды күшейту
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын қорғау жүйесін дәйекті түрде күшейтіп, цифрлық қадағалауға, тәуекелге бағдарланған басқаруға және медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдердің алдын алуға негізделген қаржылық бақылаудың жаңа моделіне көшуде.
Бұл жұмыс Қордың 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыратын және Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшіру шараларының негізгі бағыттарының бірі.