Бейне материалдар
Неліктен дәрігер мен пациенттің өзара құрметі емдеу сапасына әсер етеді?
Сапалы медициналық көмек дәрігердің кәсіби біліктілігіне ғана емес, дәрігер мен пациент арасындағы сенімге, ашық қарым-қатынас пен өзара құрметке де байланысты.
Өзара сыйластық қалыптасқан жағдайда:
дәрігер науқастың денсаулық жағдайы туралы толық әрі нақты ақпарат алады;
пациент дәрігердің ұсынымдарын мұқият тыңдап, емдеу тәртібін сақтайды;
түсінбеушілік пен қателіктердің алдын алуға мүмкіндік туады;
емдеу нәтижесіне тиімді әрі жылдам қол жеткізіледі.
Науқастың денсаулығына алаңдап, қобалжуы – табиғи жағдай. Ал дәрігер күн сайын көптеген пациентті қабылдап, әрбір медициналық шешім үшін үлкен жауапкершілік арқалайды. Сондықтан сабырлы диалог пен өзара құрмет екі тарапқа да ортақ мақсатқа – денсаулықты жақсартуға жетуге көмектеседі.